1980 жылдары «Қазқайтажаңарту» РМК-ның Батыс Қазақстан филиалы «Қазқайтажаңарту» мамандандырылған қалпына келтіру бірлестігі қарауындағы  қалпына келтіру шеберханасы ретінде құрылды. Кейін Қазақ КСР Мәдениет министрлігінің «Қазқайтажаңарту» мамандандырылған қалпына келтіру трестіне айналды.

«Қазқайтажаңарту» РМК-ның қалпына келтіру шеберханасы 2001 жылдың 25 қазанында Батыс Қазақстан филиалы болып  өзгертілді. Қазіргі уақытта филиал директоры Сатыбалдиев Асланбек Тыныштықбаевич.

Филиалдың негізгі қызметі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің стратегиялық даму жоспарын іске асыру шеңберінде ғылыми және қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыру, тарихи және мәдени ескерткіштерді қалпына келтіру және сақтау болып табылады.

«Қазқайтажаңарту» РМК-ның Батыс Қазақстан филиалы атқарған жұмыстарының ішінде Маңғыстау облысындағы Шопан Ата, Сисем ата, Қараман ата, Шақпақ Ата, Бекет ата, сондай-ақ Атырау облысындағы Сарайшық қалашығы сияқты бірегей ежелгі ескерткіштерді консервацияланды. Солтүстік Қазақстан облысында Қарасай мен Ағынтай батырлар мемориалдық кешендерінде қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.

                                                    Құрылымы

ZKFkaz

FaLang translation system by Faboba
Мы в социальных сетях