«Қазқайтажаңарту» РМК Түркістан филиалы керамикалық цехта ескі үлгідегі қышты жасау үдерісін жетілдіру мақсатында табиғи газ жүйесіне жалғанды.
Түркістан филиалының директоры Нурманов Жұмахан «Makskeramika» кәсіпорнымен тәжірибе алмасу мақсатында кездесу ұйымдастырып, 2018 жылдың 27 қазанында Өзбекстан Республикасына іссапарға барды. Керамика және отқа төзімді заттардың химиялық технологиясы бойынша технолог-инженер, техника ғылымдарының кандидаты, «Makskeramika» кәсіпорнының директоры М.Т. Махсудова Түркістан филиалы мамандарына қыш жасауға арналған керамикалық балшықтың құрамы туралы кеңес беріп, табиғи газбен істейтін қыш күйдіру пеш құрылысын көрсетіп, таныстырды.
«Makskeramika» кәсіпорны ескі үлгідегі қыштарды газбен күйдіру технологиясын көп жылдар бойы сәтті қолдануда. Кездесуден жиналған тәжірибе нәтижесінде пешті Түркістан филиалында орнату бастамасында керамикалық цех табиғи газ жүйесіне жалғанды. Келешекте «Makskeramika» кәсіпорнымен пештің сызбасын беру, пешті соғу барысын қадағалау, газбен қыш күйдіру технологиясы, режимі, температурасы бойынша жазбаша кесте беру міндеті көзделген келісім шарт жасасу жоспарлануда.

large preview rukopozhatie

FaLang translation system by Faboba
Мы в социальных сетях