«Қазқайтажаңарту» РМК «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің аумағындағы ескерткіштерді қайта қалпына келтіру, зерттеу және оларды  туристік орталыққа айналдыру мақсатында  тарихи-мәдени нысандарды қайта жаңғырту жұмыстарын жүзеге асырып жатқаны белгілі.

Соның ішінде осы өңірдегі негізгі нысан болып табылатын Қожа Ахмет Яссауи кесенесі (XIV ғасырдың соңы) де бар.

Ағымдағы жылы аталған нысанды ғылыми-реставрациялау бойынша  ауқымды жұмыстар жасалды.

Кесененің (Қазандық) күмбезіне тарихи келбетін сақтай отырып, жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Кесененің желдеткіш қабаттары реттеліп, күмбез етегіндегі сегізқырлы қосындыға гидрооқшаулау жұмыстары істелді. Күмбездің сырты оның жалпы ауданының қаптама қыштарының жартысы Түркістан қаласынан 40 шақырым жердегі Сауран топырағынан шеберханада арнайы әзірленген глазурленген қыштармен алмастырыла отырып қайта қапталды. Қапталған соң қаланған қыштардың аралары арнайы ерітіндімен әрленді.

Кесененің кіші күмбездері мен кіші Ақсарай, Асхана және Мешіт залдары да қалпына келтірілді. Сондай-ақ, Қазандық залы, Асхана, Кітапхана, Кіші Ақсарай, Құдықхана қабырғалары, сталактиттер реставрацияланды. Кесененің минареттері, пештактары, порталы мен қасбеті жөнделіп, ағаш конструкциялары өртке қарсы құралдармен өңделді.

FaLang translation system by Faboba
Мы в социальных сетях