title2 kz

«Қазқайтажаңарту» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры Бигельдиев Махаббат Маңғыстау облысына жұмыс сапармен барды.

Іс-сапарды Шопан ата қорымына қарасты Күйеу там және жерасты мешітімен танысудан басталды.

Келесі кезекте, облыстағы Оғланды жерінде орналасқан - Бекет ата жерасты мешітінің атқарылған жұмыстарымен жақынырақ таныса келе, аталған нысанда абаттандыру, жөндеу жұмыстарын жалғастыру қажет екендігін айтып өтті. Сәйкесінше,жоғарыда аталған нысандар бойынша жауапты мекемелерге тапсырмалар берілді.


Бұдан өзге, Қамысбай ата қорымында қайта қалпына келтіру жұмыстарын іске асыру үшін, тиісті мамандармен және қоғам өкілдерімен келісе отырып жүргізілуі керектігін атап өтті.
Сонымен қатар, кездесуге облыстық тарихи-мәдени қорық мамандары, мердігер мекеменің өкілдері қатысты.

image 17 01 21 01 39 1

90dddec2 636a 4315 b273 f08f8964a742

Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошы хан жерленген кесене XIII ғасырдың бірінші жартысында салынған. Кесене Қарағанды облысының Ұлытау ауданында, Жезқазған қаласынан солтүстік шығысқа қарай 50 шақырым жерде орналасқан.

Биыл Алтын Орданың 750 жылдық мерейтойына орай ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес кесенеде ғылыми реставрациялау жұмыстары жүргізілді. Атап айтсақ, тегіс шатыры жөнделді, қасбет қабырғалары реставрацияланды, ішкі қабырғалар сыланып, әрленді, еден салынды, есік пен құлпытас қайта қалпына келтірілді, кесене аумағына металл қоршау тұрғызылды.

 

Ежелгі Түркістан қалашығының XVII-XVIII ғасырларға тиесілі Дарбазакакпасының қорған қабырғасы ғылыми-реставрацияланды. Бас қақпаның батыс жағындағы қорған қабырғасы көне қалпына, яғни үзындығы  42,2 метр, ені 1 метрге дейін, биіктігі 8 метрге дейін етіп қайта салынды.

Алдымен қабырғаның орны анықталып, тазартылды. Сваймен нығайта отырып, іргетасы қаланды. Барлық топырақпен жанасатын темір бетонды элементтер гидрооқшауланды.

Қабырға түрғызылған соң сырты арнайы реставрациялық кірпішпен қапталды. Қаланған кірпіштердің аралары қолмен әрленді.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Қазқайтажаңарту» республикалық мемлекеттік кәсіпорны мемлекеттік тапсырма негізінде Ежелгі Түркістан қалашыға аумағында реставрация, консервация, музейлендіру жұмыстарын жүргізуде.

Атқарылып жатқан ауқымды жұмыстар Ежелгі қалашықтың бас көшесін де қамтыды. Солардың негізгілерін назарларыңызға ұсынамыз.

Алдымен XVII-XVIII ғасырларға тиесілі Магистрал көше және оның бойындағы құрылыс нысандары мұқият зерттелді. Зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып, ені 5 метр, тереңдігі 1,4 метр, ұзындығы 660 метр жер қабаты аршылды және жол тақтатастар төселе отырып қайта жаңғыртылды.

Оған қоса жолдың бүкіл ұзындығы бойынша екі жағынан 10 метрге дейін XVII-XVIII ғасырға тиесілі мәдени қабат аршылды. Аршылған жерлерден табылған сауда, тұрғын-үй, әкімшілік нысандары мен колөнер қатарларын да қалпына келтіру жоспарланған болатын. Қазіргі таңда бір қабатты төрт нысан тарихи қалпын сақтай отырып салынды. Оның бірі шатыры жабылып толық аяқталса, қалғандарында жұмыс жалғасуда.

Топырақтың көшуін болдырмау үшін жолдың жиегі арнайы тормен қапталып, сазбен сыланды.

Бас көшені қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда.

 

Көне Түркістан қалашығы аумағында орналасқан Түркістан тарихы музейінің ғимаратында (бұрынғы Казарма ғимараты) XIX ғасырдың соңы) реставрация жұмыстары жүргізілді. Жұмыстардың негізгілеріне тоқтала кетсек.

Шатырдың металл жабындысы алмастырылып, суағарлар салынды. Шатырдағы ағаш элементтері алмастырыла отырып, толығымен өртке қарсы құралмен өңделді.

Қасбеті де күрделі реставрациялаудан өтті. Кірпіштері тазартылып, өңделіп, аралары әрленді. Терезелері бұрынғы бояудан мұқият тазартылып, қайта боялды. Кіреберіс баспалдағы қалпына келтірілді.

«Қазқайтажаңарту» РМК «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің аумағындағы ескерткіштерді қайта қалпына келтіру, зерттеу және оларды  туристік орталыққа айналдыру мақсатында  тарихи-мәдени нысандарды қайта жаңғырту жұмыстарын жүзеге асырып жатқаны белгілі.

Соның ішінде осы өңірдегі негізгі нысан болып табылатын Қожа Ахмет Яссауи кесенесі (XIV ғасырдың соңы) де бар.

Ағымдағы жылы аталған нысанды ғылыми-реставрациялау бойынша  ауқымды жұмыстар жасалды.

Кесененің (Қазандық) күмбезіне тарихи келбетін сақтай отырып, жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Кесененің желдеткіш қабаттары реттеліп, күмбез етегіндегі сегізқырлы қосындыға гидрооқшаулау жұмыстары істелді. Күмбездің сырты оның жалпы ауданының қаптама қыштарының жартысы Түркістан қаласынан 40 шақырым жердегі Сауран топырағынан шеберханада арнайы әзірленген глазурленген қыштармен алмастырыла отырып қайта қапталды. Қапталған соң қаланған қыштардың аралары арнайы ерітіндімен әрленді.

Кесененің кіші күмбездері мен кіші Ақсарай, Асхана және Мешіт залдары да қалпына келтірілді. Сондай-ақ, Қазандық залы, Асхана, Кітапхана, Кіші Ақсарай, Құдықхана қабырғалары, сталактиттер реставрацияланды. Кесененің минареттері, пештактары, порталы мен қасбеті жөнделіп, ағаш конструкциялары өртке қарсы құралдармен өңделді.

Түркістан қаласының оңтүстік-шығыс бөлігі, Түркістан Қалашығының аумағында орналасқан Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде (XIV ғасырдың соңы) қайта жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. 

Қазандық күмбезін керамикалық тастармен қалау жұмыстары жүруде.

Жұмыс жоспары шілде айына дейін созылады.

 

Turkestan

Түркістан қаласы, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен оңтүстікке қарай 150 метрде орналасқан Жұма мешітінде (XIX ғасыр) қайта қалпына келтіру жұмыстары басталды.
Қала құрылысы және сәулет ескерткіші ретінде бағаланатын Жұма мешітінде жөндеу жұмыстары 2 ай уақытқа жоспарланып отыр.

 

unnamed