Көне Түркістан қалашығы аумағында орналасқан Түркістан тарихы музейінің ғимаратында (бұрынғы Казарма ғимараты) XIX ғасырдың соңы) реставрация жұмыстары жүргізілді. Жұмыстардың негізгілеріне тоқтала кетсек.

Шатырдың металл жабындысы алмастырылып, суағарлар салынды. Шатырдағы ағаш элементтері алмастырыла отырып, толығымен өртке қарсы құралмен өңделді.

Қасбеті де күрделі реставрациялаудан өтті. Кірпіштері тазартылып, өңделіп, аралары әрленді. Терезелері бұрынғы бояудан мұқият тазартылып, қайта боялды. Кіреберіс баспалдағы қалпына келтірілді.

«Қазқайтажаңарту» РМК «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің аумағындағы ескерткіштерді қайта қалпына келтіру, зерттеу және оларды  туристік орталыққа айналдыру мақсатында  тарихи-мәдени нысандарды қайта жаңғырту жұмыстарын жүзеге асырып жатқаны белгілі.

Соның ішінде осы өңірдегі негізгі нысан болып табылатын Қожа Ахмет Яссауи кесенесі (XIV ғасырдың соңы) де бар.

Ағымдағы жылы аталған нысанды ғылыми-реставрациялау бойынша  ауқымды жұмыстар жасалды.

Кесененің (Қазандық) күмбезіне тарихи келбетін сақтай отырып, жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Кесененің желдеткіш қабаттары реттеліп, күмбез етегіндегі сегізқырлы қосындыға гидрооқшаулау жұмыстары істелді. Күмбездің сырты оның жалпы ауданының қаптама қыштарының жартысы Түркістан қаласынан 40 шақырым жердегі Сауран топырағынан шеберханада арнайы әзірленген глазурленген қыштармен алмастырыла отырып қайта қапталды. Қапталған соң қаланған қыштардың аралары арнайы ерітіндімен әрленді.

Кесененің кіші күмбездері мен кіші Ақсарай, Асхана және Мешіт залдары да қалпына келтірілді. Сондай-ақ, Қазандық залы, Асхана, Кітапхана, Кіші Ақсарай, Құдықхана қабырғалары, сталактиттер реставрацияланды. Кесененің минареттері, пештактары, порталы мен қасбеті жөнделіп, ағаш конструкциялары өртке қарсы құралдармен өңделді.

Түркістан қаласының оңтүстік-шығыс бөлігі, Түркістан Қалашығының аумағында орналасқан Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде (XIV ғасырдың соңы) қайта жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. 

Қазандық күмбезін керамикалық тастармен қалау жұмыстары жүруде.

Жұмыс жоспары шілде айына дейін созылады.

 

Turkestan

Түркістан қаласы, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен оңтүстікке қарай 150 метрде орналасқан Жұма мешітінде (XIX ғасыр) қайта қалпына келтіру жұмыстары басталды.
Қала құрылысы және сәулет ескерткіші ретінде бағаланатын Жұма мешітінде жөндеу жұмыстары 2 ай уақытқа жоспарланып отыр.

 

unnamed

 

 

Түркістан қаласы, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен солтүстік-батысқа қарай 22 м, Түркістан мазарының аумағында орналасқан Шілдехана ескерткішінде (XI-ХIІ ғғ.) қайтажөндеу жұмыстары басталды.

Жөндеу жұмыстарын мемлекеттік тапсырыспен «Қазқайтажаңарту» кәсіпорны жасап жатыр.

Сондай-ақ, қайта қалпына келтіру жұмыстары Түркістан облысындағы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіндегі басқа да нысандарда жүргізілуде.

 

 

 

«Қазқайтажаңарту» кәсіпорны «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне қарасты Магистралды көшеде тазалау жұмыстарын бастады.

Тазалау жұмыстары көшенің бойымен ені 20 метрге дейін алапта жүргізіледі. Ұзындығы 620 метр.

XVII-XVIII ғасыр көшесінде тарихи құндылығы бар ғимараттардың іздерін консервациялау мен туристтерге арналған қызмет көрсету құрылыстарын тұрғызу жоспарланған.

 

 

 

 

 

«Қазқайтажаңарту» кәсіпорны Түркістан облысындағы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде мемлекеттік тапсырма бойынша ескерткіштерді қайтажаңарту жұмыстарын бастағанын атап айтқан болатынбыз.

Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің шығыс мұнарасынан оңтүстікке қарай 40 м. жерде орналасқан Сегіз қырлы кесенесінде (ХІV-ХVІІ ғғ.) қайтажөндеу жұмыстары басталды.

Жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың наурыз айының соңында аяқталады деп жоспарлануда.

 

 

 

 

«Қазқайтажаңарту» кәсіпорны Түркістан облысындағы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде қайтажаңарту жұмыстарын бастады.

Қазіргі уақытта жаңарту жұмыстары XVII ғасырда бой көтерген Есім ханның кесенесінде жүргізілуде.

Сондай-ақ, қайтажөндеу жұмыстары XIV-XVII ғасырдағы Сегізбұрышты кесене мен XI-XII ғасырдағы Шілдехана ескерткішінде де басталып кетті.

 

  

FaLang translation system by Faboba
Мы в социальных сетях