«Қазқайтажаңарту» кәсіпорнының Қызылорда филиалы Ақтөбе облысында орналасқан Қарасақал және Дәуімшар қорымдарында ғылыми-реставрациялық жұмыстарды толығымен аяқтады. Қорымдардағы кесенелерге, сағанатамдарға қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, аумақты қоршау бойынша жұмыстар атқарылды.

 

b8c394d1e39340de16eccd94233bd5c6 1a4e69db7121b4b7bd5cb6879bd39e1f 233f0af9ebf2ff9d14c5a9c395d7cc92 2b831aced5535513bef29a59b6a04e14 

 

3d828d363da4a497f9b15de1d8aeb157 487bddfe1864737f72444b13161a03e1 d0e8efb1d4f160d816c392b0a0c51e3d ffe2e339437c9d9c4c7ebd135850fa76

«Қазқайтажаңарту» РМК қарасты Батыс Қазақстан филиалында ұзақ уақыт еңбек еткен әріптесіміз өндірістік-техникалық бөлімінің жетекші инженері Сизикова Лидия Ивановнаны мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз!
Филиал директоры Асланбек Сатыбалдиев Кәсіпорынның бас директоры Махаббат Бигельдиевтің Алғыс хатын табыс етіп, сый құрмет көрсетілді.

Құрметті Лидия Ивановна!

Осынау жылдар ішінде ұжым Сізді үлкен абырой-беделге ие болған тәжірибелі маман ретінде құрмет тұтып, сыйлайды.

Ізгі ниетпен Сізге қартаймас жайдары көңіл, мәнді де мағыналы өмір, сарқылмас қуат тілейміз!

“Қазқайтажаңарту” ұжымы 💐💐💐

 

0a04670e3cdd17e537ff811b920e87ef

Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің ұйымдастыруымен, Иран Ислам Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы мәдени мұра ескерткіштерін сақтау бойынша ынтымақтастықты дамыту аясында ZOOM платформасы арқылы онлайн форматта жиын өтті.

Жиынға Иран елшілігінің өкілі Садат Хусени, Иранның Тегеран университетінің Бейнелеу өнері факультетіне қарасты Мәдениет және өнер зерттеу институтының өкілі Сиавош Сабери Кахки, Кәсіпорынның бас директоры Махаббат Бигельдиев және бас директордың өндірістік істері жөніндегі орынбасары Исабек Нұрмағамбетов қатысты.

Жиын барысында мекемелер арасында тарихи ескерткіштерді қалпына келтіру және сақтау саласы бойынша ынтымақтастық және оны одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, жоғарыда аталған Мәдениет және зерттеу институтының әр елдерде көне ежелгі туындыларды қалпына келтірудегі тәжірибелерімен бөлісіп, атқарылған жұмыстарына шолу жасады.

 

6e5b005df5b62325eb530713490448eb 0aa4d7dcf5e2b18210949c3fd9cf6643 2ae3369549919a243e890c2f0dfb2bb4 93f3e38ac45ddd476d19b674d400e533 

 

b871d10809b8ef05d8cf4670ac94bac5 f5ee10213805de2d27e9a6bf530e48f5 806db45fbd33696c8f793a18db6e1392 7a00a40be08350d9ce9f362b9eac2787

Қазақстан Республикасының 25 қазан – Республика күніне орай, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның Алғыс хатымен «Қазқайтажаңарту» РМК бас директорының өндірістік істері жөніндегі орынбасары Исабек Нұрмағамбетов және құрылыс жұмыстарын атқарушы маман Нуртулла Бекбергенов марапатталды.

Марапаттарды Кәсіпорнымыздың бас директоры Махаббат Бигельдиев табыс етті.

Марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз! Еңбекте елеулі болып, жетістіктерге жете беріңіздер!

 

 

b3434ee10c8deb73935ff4d90dc9530d

f893b48970caacfffc5f75ca7c21b797

1f35bdf88a300ba0084533079eaedc16

 

 

 

25 қазан - Республика күні құтты болсын!

 

07871a824fefdf9765ae3a717f3f8370

Бүгін онлайн режимде ZOOM платформасы арқылы «Мемлекеттік қалпына келтіру ғылыми-зерттеу институты» Федералды мемлекеттік бюджеттік ғылыми-зерттеу мекемесінің өкілдерімен кездесу өтті.

Кездесуде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Қазқайтажаңарту» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны және «Мемлекеттік қалпына келтіру ғылыми-зерттеу институты» Федералды мемлекеттік бюджеттік ғылыми-зерттеу мекемесі өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандумның мақсаты - екі мекеме арасында өзара түсіністікті қолдау, білім беру және тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштеріндегі ғылыми зерттеулер саласындағы ынтымақтастықты дамыту болып табылады.

 

56030adc27cf1b0633577d77772495a3  235a15b1c66d43acbcf0998887359ba8 1c12530feaa29939d764a893efa366f1

🔸Сарайшық қалашығының кіре беріс қақпасы құрылысының жұмыстары аяқталды

🔹Завершены работы по возведению въездных ворот городища Сарайшык

🔸Work on the construction of the entrance gate of the Saraishyk settlement has been completed

 

b5440739f9e973230911bda9f46731802e549a314310b0fc1f9ed22713da929c2c16445e77c45ff68ec4faec3c22d9eb

24-қазан –Кітапханашылар күні!

Бүгінде рухани өміріміздің өзегі іспеттес ғылымды көпшілік оқырманға, ертеңгі ел тізгіні ұстар жас жеткіншек ұрпаққа насихаттауда, рухани мәдени байлығымызды ұрпақтан - ұрпаққа жеткізуші кітапхана болса, сол байлықты өз оқырманына таныстырып, табыстырушы өзіндік тұлға, ол – кітапханашы.

Кітапханашы мамандар өздерінің күнделікті тыңғылықты еңбегімен шектеусіз ақпаратқа, әлемдік мәдениет пен ғылым құндылықтарына, адамзаттың даналығы мен біліміне кең қол жетімділікті қамтамасыз етеді, оқырмандарды таңғажайып мәдениет әлеміне жетелейді, білімге деген сүйіспеншілікті тәрбиелеп, мәдени дәстүрлерді сақтауға және дамытуға үлес қосады. Сондықтан да, кітапханашы мамандар әрқашанда киелі орданың мәртебелі иесі болып қала бермек.

Осындай мереке күні барлық кітапханашы мамандарды кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, кәсіби шеберлік пен парасаттылық, руханият игілігі жолындағы еңбектеріңізге шығармашылық табыстар тілейміз!

Ізгі ниетпен, Қазқайтажаңарту ұжымы💐💐💐

 

8035c19aa42bf88cabd863c1911e0f6f

 

 

FaLang translation system by Faboba
Мы в социальных сетях