ҚР Мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен Күміс Қарсақбайқызы Сейітова ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

Құрметті, Күміс Қарсақбайқызы!

Сізді “Қазқайтажаңарту” РМК ұжымы атынан шын жүректен құттықтаймыз!
Жаңа жұмысыңызда толағай табыстарға, мақсатта биік шыңдарға жете беруіңізді тілейміз!

 

e84e7277dffa11f61582dea7d0e86c8d

Қожа Ахмед Ясауи кесенесі бойынша ғылыми консультативті кеңес мүшелерінің кезекті отырысы өтті.
Басқосуда кәсіпорынның бас директорының өндірістік істері жөніндегі орынбасары Исабек Нұрмағамбетов қатысушыларға Кесенеде жүргізіліп жатқан кешенді зерттеулердің барысын слайд арқылы көрсетіп, жай-күйін баяндады. Сонымен қатар, кеңес мүшелерімен атқарылатын жұмыстардың жоспарлары пысықталынып, жалпылама шолу жасалынды.

 

e3d6404129e607a82a1e9fc94e3687ac eabe2de122a33863aa43d3d1d8c8e7d6 d459670d0cf725ec170a754deee70567

ҚР Мәдениет және спорт вице министрі Арман Жүдебаев Сарайшық қалашығының жұмыс барысын көріп қайтты.
Сапар барысында ең алдымен, Сарайшық қалашығының визит-орталығының жұмысымен танысты.
Сонымен қатар, биыл Кәсіпорын жүзеге асырып жатқан Сарайшық қалашығының кіре беріс қақпасының ғылыми қайта қалпына келтіру жұмыстарымен егжей- тегжейлі танысып қайтты. Алдағы уақытта жасалынуы тиіс шаруалар бойынша пысықтау жұмыстары жүргізіліп, жоспарлар талқыланды.

 

57ee24d29892b384783b2c0d25dff4ff     5fd4770054bc0bfc7d1cf08d8584ac79

Елорда күні құтты болсын!

Ерке Есілдің жағасында бой көтерген бас қаламыздың еңсесі биік болсын!
Сәулеті мен дәулеті жарасқан, ұлттың ұлы тұғырына айналған бағаналы бақ ордамыздың мәртебесі арта берсін!

Мереке құтты болсын! 💐💐💐

 

8eb06a01e3ff76443736f50e6adda4a1

Арман Жүдебаев ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Құрметті Арман Әділханұлы!

“Қазқайтажаңарту” РМК ұжымы
Сізді Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалуыңызбен шын жүректен құттықтайды!

Сізге зор денсаулық тілей отырып осы жауапты қызметте жемісті және табысты жұмыс тілейді!

Игі істеріңіздің қашанда оңға басуына, әр қадамыңыздың қарымды болуына, республикамыздың мәдениет саласын дамыту бойынша маңызды міндеттерді табысты жүзеге асыруға, ел - қоғам алдында абыройыңыздың арта беруіне тілектестік білдіреміз!

ac0e279f046eeee63c9b3dd7492b0426

 

63fb76424d622f6a484e49598013ee1e

 

 

Домбыра – қазақтың қасиетті аспабы, құнды байлығы, таптырмас қазынасы.
Қазақ пен домбыра егіз ұғым , дейді дана халқымыз.
Атадан балаға аманат болған осындай асыл қазынамызды қадір тұту – бәріміздің қасиетті борышымыз.

Ұлттық құндылықтарымызды ардақтау, терең тамырымызға ой салу, рухани жаңғыруымызға үлес қосар шуақты да, шаттықты мереке құтты болсын!

Халқымыздың қасиетті ұлттық аспабы – Домбыра төрімізден түспесін!
Әр шаңырақтан ән-күй үзілмесін!

Ұлттық домбыра күні құтты болсын!

033c7a3be0ad1a82f548a54d3ffded17  500e06586ffae0f0b0399682c64a3727 6712caae67f8cc81ebfd82341675a9ff

 

 

«Таңбалы» музей-қорығына Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері бойынша Ұлттық комиссияның бас хатшысы Алия Байсабаева бейресми сапарымен келді, музей жұмыстарымен және сапар орталығымен танысты. Сапар барысында Кәсіпорын жүргізіп жатқан «Таңбалы»музейінің ортаңғы аумағындағы абаттандыру, және 3800 гектар жер көлеміне жүргізіліп жатқан қоршау жұмыстарын да көріп өтті.

 

 

8a4919b8dcf773853bceaa0a2c713cc496a20531765fcef0e240e3a5897bda7fa3f7441170ea53594412f7f8d0aa9fab

 

 

c6ca64ed0c90e24e38f2ed8c99ed2a18 cdd7e8e680953316b7ddf34af8d0f912

d591ba290fc7b664c3fd2c9fa301e781

 

Барша мұсылман қауымның ең ұлық мерекесі Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл мереке мейірім мен шапағаттың, ізгілік пен жомарттықтың қазығы болып табылады, қоғамның рухани-адамгершілік негізін нығайтуға ықпал етеді.

Ұлық мереке құтты болсын!


Айт күнгі ізгі ниеттеріңіз бен шалған құрбандықтарыңызды Алла тағала қабыл етсін!
Әр отбасына амандық, береке-бірлік, мол бақыт, бейбіт өмір тілейміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

FaLang translation system by Faboba
Мы в социальных сетях