033c7a3be0ad1a82f548a54d3ffded17  500e06586ffae0f0b0399682c64a3727 6712caae67f8cc81ebfd82341675a9ff

 

 

«Таңбалы» музей-қорығына Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері бойынша Ұлттық комиссияның бас хатшысы Алия Байсабаева бейресми сапарымен келді, музей жұмыстарымен және сапар орталығымен танысты. Сапар барысында Кәсіпорын жүргізіп жатқан «Таңбалы»музейінің ортаңғы аумағындағы абаттандыру, және 3800 гектар жер көлеміне жүргізіліп жатқан қоршау жұмыстарын да көріп өтті.

 

 

8a4919b8dcf773853bceaa0a2c713cc496a20531765fcef0e240e3a5897bda7fa3f7441170ea53594412f7f8d0aa9fab

 

 

c6ca64ed0c90e24e38f2ed8c99ed2a18 cdd7e8e680953316b7ddf34af8d0f912

d591ba290fc7b664c3fd2c9fa301e781

 

Барша мұсылман қауымның ең ұлық мерекесі Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл мереке мейірім мен шапағаттың, ізгілік пен жомарттықтың қазығы болып табылады, қоғамның рухани-адамгершілік негізін нығайтуға ықпал етеді.

Ұлық мереке құтты болсын!


Айт күнгі ізгі ниеттеріңіз бен шалған құрбандықтарыңызды Алла тағала қабыл етсін!
Әр отбасына амандық, береке-бірлік, мол бақыт, бейбіт өмір тілейміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

 

 

 

325e20c436820c4063350c9a54cab470  55ffb7b15291b0b8075d0479e88f1b2d 4d6543b50e7fba0e159cfe760709fb7a 

 

«Қазқайтажаңарту» кәсіпорынның бас директорының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары Алмас Әбдібаевтың қатысуымен, «Таңбалы» музей-қорығының ғылыми қызметкерлері, жоба авторы және кәсіпорынның жауапты мамандары бірлесе отырып, музей - қорықта абаттандыру және қайта қалпына келтіру жұмыстарын бастады.

 

b6d0fb6363d36559fd4d7eed0c586970 81ec8b764030e21e8aaa59264a1d58ce

e90f5dcc6e32f5a677c459a6ee911588 dac33c49b17c72c2c81f576b9717218b d4a02a870c08d28abee12959c9f5c6ce

 

"Қазқайтажаңарту" кәсіпорны үйлестіруші болып табылатын ғылыми-консультативтік кеңестің кезекті отырысы өтті. Кәсіпорынның бас директорының өндірістік істері жөніндегі орынбасары Исабек Нұрмағамбетовтың басқаруымен өткен бұл жиын, консультативтік кеңес тобының мүшелерімен Қожа Ахмед Ясауи кесенесінің бірқатар проблемалық мәселелері көтеріліп, егжей-тегжейлі пысықталды.
Басқосуда айтылған топ мүшелерінің ақыл-кеңестері, тәжірибелері Кесенедегі кешенді зерттеу жұмыстарын жетілдіруге және нақты мәселелерді шешуге бағытталған.

 

b3c3f6cb3fcdfc40ac7066df78bea7f1 35af19a75ec5b66662cd5f20dce57e84 0145575ab3aa401c3c1e80ba518cf087

 

3093245c6e6450dbf3d88f881be31a8a 030521991c1ca9870264fa53a6bc31f6d3ec0e6e95df10544e4948d176da238b

 

 

Кәсіпорынның бас директоры жұмыс сапарымен Қызылорда облысындағы бірқатар нысандарды аралады.
Кәсіпорынның биылғы өндірістік кестесіне сәйкес, Көтібар мұнарасы мен Молқалан кесенесінде ғылыми-реставрациялық жұмыстары жүргізілуде.
Қызылорда филиалының директоры Жанболат Талғатұлы нысандардағы қайта қалпына келтіру жұмыстарының барысымен толықтай таныстырды. Сәйкесінше, алдағы уақытта жасалынуы тиіс шаруалар бойынша пысықтау жұмыстары жүргізілді.

 

e254adb8a36493dae652a64d8fdd470d   01dfb6bc9a411cc874ef63c1dc7be1f6

 

114506aeaf923cde84aa65f5503f0f6d

 

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің келісімімен, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет Комитетінің «Қазқайтажаңарту» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны бас директорының бұйрығымен, Қалиақбаров Жанболат Талғатұлы Қызылорда филиалының директоры лауазымына тағайындалды.

Құрметті Жанболат Талғатұлы!

Жаңа қызметіңізге абырой, еліміздегі тарихи-мәдени мұраларды сақтауға бағытталған ірі де іргелі істеріңізге толағай табыс тілейміз!

c3d64c8da981c2dadc617319183942d6

 

Кәсіпорынның бас директоры Махаббат Бигельдиев кезекті іссапармен Жетісу облысының орталығы Талдықорған қаласында Жетісу облысының әкімі Бейбіт Өксікбайұлының қабылдауында болып қайтты.
Кездесуде Шоқан Уәлиханов атындағы мемориалды музей-паркінде биылғы жасалынатын реставрациялық құрылыс жұмыстарының барысы талқыланды.
Кешеннің макет үлгісі мен жобалық эскизі егжей – тегжейлі таныстырылды. Көптеген келелі проблемалық мәселелердің шешімі табылып, Облыс әкімі “Қазқайтажаңарту” мекемесінің музейдегі жасалынатын реставрациялық жұмыстарына сәттілік тіледі.

1c65f3c6408a86741934a9aad9f287bd

 

ea9f5cebb5a7e822b243719647f50cca 

48e01155052ffde06621c5b5b293ba80

FaLang translation system by Faboba
Мы в социальных сетях