Жаңалықтар
Мәдениет министрлігінің жаңалықтары
Жаңалықтар Аккорда
- Мемлекет басшысы «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды
- Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды
- Ерлан Қарин қырғыз жастарының өкілдерімен кездесті
Біз туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Қазреставрация" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны 1972 жылғы 29 наурызда құрылды. Ұйым кейіннен "Казреставрация" тресі болып қайта құрылды. 1978-1989 жылдар аралығындағы кезеңде Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Қаулысы бойынша Қазақстанның әртүрлі облыстарында 22 реставрациялау шеберханасы ашылды, олар трест құрамына кірді және қуатты өндірістік базалары, Құрылыс техникасы, жабдықтары мен тетіктері болды. Нәтижесінде ескерткіштердің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстанда реставрациялаудың тұтас жүйесі құрылды.
Алайда, 1994-1996 жылдар елдің тарихи-мәдени мұрасы мен қалпына келтіру ұйымдары үшін ең қиын болды деп айтуға болады.21 қалпына келтіру шеберханасы жергілікті атқарушы органдардың қарамағына берілді және барлығы дерлік жекешелендіріліп, сатылды. Тек бір ғана ұйым Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің – Республикалық жөндеу-құрылыс және реставрациялау басқармасының қарамағында қалды. Кейіннен бұл ұйым "Қазреставрация" РМК болып қайта құрылды. 1997 жылдан бастап күш-жігердің жұмсай отырып кәсіпорын сәтті дами бастады
Қызмет ету кезеңінде ғылыми зерттеулерде, ескерткіштерді практикалық қалпына келтіруді жобалауда үлкен тәжірибе жинақталды, қалпына келтіруші жұмысшылар, жобалаушы сәулетшілер және тарихи-мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы басқа да мамандар оқытылды және дайындалды.
ТолығырақБайланыстар