Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің қолдауымен, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұйымдастыруымен Түркістан қаласында Қожа Ахмет Ясауи кесенесін сақтау қорғау мәселелері бойынша "Әлемдік мәдени мұраларды қорғау сақтау және басқару" тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Екі күнге созылған бұл іс шарада мәдени мұраларды қорғау, сақтау және басқару мәселелері бойынша баяндамалар жасалынып, тың тақырыптар талқыланды. Баяндамашылардың қатарында «Қазқайтажаңарту» РМК бас директорының өндірістік істері жөніндегі орынбасары Исабек Нұрмағамбетов өз кезегінде сөз алып, алдымен музейдің ұжымын "Қожа Ахмет Яссауи" кесенесі ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізілгеніне 20 жыл толуымен құттықтап, Кесені сақтауға және қорғауға бағытталған бірқатар жұмыс жоспарын баяндап, бірлесіп жұмыс жасауға шақырды.

Конференцияға отандық және Түркия, Ресей, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінің тарих, реставрация, сәулет өнері, мәдениеттану салалары бойынша маман-ғалымдары, тарихи-мәдени мұраларды қорғау мамандары, қорық және тарихи-өлкетану музейлері мен ғылыми-зерттеу ұйымдарының қызметкерлері қатысты.

Қатысушыларға Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде экскурсия жүргізіліп, Тайқазан, Үлкен Ақсарай, кіші Ақсарай, асхана мен құдықхана бөлмелері және тарихи тұлғалар жайлы мәліметтер айтылды.

FaLang translation system by Faboba
Мы в социальных сетях