Екі елдің Президенттерінің келісіміне сәйкес, Түрікменстан Республикасының астанасы Ашғабат қаласында ұлы ақынымыз Абай Құнанбаевтың ескерткішінің салынуы жоспарлануда.

dcd8a05e055ea2ec031b2931b5aeb531                                                                8ecc8638537b791b66986890034f2be1      

Осыған орай, ескерткіштің құрылысын жүргізу және жер телімінің мәселелерін шешу үшін ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті Тарихи-мәдени мұра басқармасының басшысы Жанат Сеидалиева, Кәсіпорынның бас директоры Махаббат Бигельдиев және сәулетші Юрий Кузьмин Ашғабат қаласына іссапармен барды.

Осыған орай, түрікмен тарапымен Ашғабат қаласын аралап, ұлы ақынымыз Абай Құнанбаевтың ескерткішінің салынатын және құрылысы жүргізілетін алдын - ала болжамдалған жер телімдерінің нұсқаларымен танысып, аралап қайтты. Құрылыс жұмыстарына қатысты іс - шаралар жоспарланып, пысықталынды.

c6e9f5a2e05a548a5d891fe1b5c98208                                           9d6738945125b27ec7d2c127ecdbb417

 

 

Сонымен қатар, Түрікменстан Республикасының Мәдениет министрлігінің мамандарымен кездесіп, Түрікменстан Республикасының халық суретшісі, мүсіншісі Сарагт Бабаевпен жүздесті.
Кездесуде  суретшінің еңбектеріне шолу жасап, шығармашылық тыныс-тіршілігімен танысып қайтты. Түркіменстан Республикасының Ұлттық музейіне барып, тағылымды мәдени мұраларын аралап, түрікмен халқының тарихының, өнерінің және жетістіктерінің куәсі болды.

                             6363e4026b1300192d453841d47c3fac 

                                                3de10f0c3b69c351116e263da2fe4aa9                                    9896c0ea4eaf6c5aa7dc20d34941d8f3                                       

 

 

 

FaLang translation system by Faboba
Мы в социальных сетях