9d5dfc182e8cd97e7e1af7e4c2e5d5bf

 

Құрметті құрылыс саласының қызметкерлері!

Құрметті әріптестер!

Сіздерді “Қазқайтажаңарту” РМК ұжымы кәсіби мерекелеріңіз - Құрылысшы күнімен құттықтайды!

Әр мамандықтың қоғамда алатын өзіндік орны, мәртебесі бар. Сондай мәртебелі мамандықтардың бірі құрылысшы мамандығы екендігі баршамызға аян. Құрылысшы — адамзат өркениетiнiң бастауында тұрған мамандық.

Бүгінгідей әсем де көрікті, түрлі заманауи нысандардың бой түзеуі – құрылысшылар легінің мезгілдің ыстық-суығын елемей атқарған игі істерінің жемісі.

Осындай жауапты мамандықты меңгеріп, ел игілігі жолында талмай еңбек етіп жатқан Сіздерге бүгінгідей мерейлі сәтте дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға ортаймас бақ пен ырыс тілейміз!
Қажырлы еңбектеріңіз әрқашан табысты болсын!

Ізгі ниетпен, «Қазқайтажаңарту» РМК ұжымы.

FaLang translation system by Faboba
Мы в социальных сетях