"Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің аумағын абаттандыру жобаларын келісудің жедел мәселелері" бойынша онлайн режимдегі Ғылыми-әдістемелік кеңес отырысы өтті. 

Отырыста алғашқы сөз алған,  «Қазқайтажаңарту» РМК бас директоры Махаббат Бигельдиевкүн тәртібіндегі мәселе бойынша, Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі қабірхана есігінің табиғи (биологиялық) қартаюын алдын- алу және реставрация мен консервация шараларын қолдану арқылы сақтап қалу жөнінде баяндама жасады.

Келесі сөз кезегі, қабірхана есігінің реставрация мен консервация шараларын жүзеге асыратын, «Остров Крым» ғылыми-реставрациялық лабораториясының басшысы Қырым Алтынбековке берілді. Есіктің ғылыми- реставрациялық және консервациялық жұмыстарының кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын іс -шаралар жоспарына тоқталып,  егжей -тегжейлі таныстырып өтті.

Бұдан өзге, жарыссөзге қатысып отырған комиссия мүшелері өзара пікірлесті. Кеңес отырысының күн тәртібіндегі мәселелері толығымен қаралып, талқыланды.

 

 

4

 

3

WhatsApp Image 2021 07 13 at 140011

2

FaLang translation system by Faboba
Мы в социальных сетях