ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырмасына сәйкес, қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы,ақын Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай,  «Жамбыл музей – үйі» кешенінде ғылыми-қалпына келтіру бағытындағы жұмыстар басталды. Осыған орай, арнайы жұмыс сапарымен ҚР Мәдениет және  спорт вице- министрі Нұрғиса Дәуешов келді.

 Сапар барысында, Музей-үйіндегі музеефикация бойынша бірқатар ұсыныстар қарастырылып, талқыланды. Сонымен қатар, кесененің техникалық жағдайын ескере отырып, реставрациялық жұмыстардың  атқарылып жатқан  бағытымен егжей - тегжейлі танысып өтті.

  Сәйкесінше, қалпына келтіру жұмыстарының  сапалы орындалуы бойынша тиісті мекеме өкілдеріне нақты тапсырмалар берілді.

 

WhatsApp Image 2021 07 26 at 142925 1 

WhatsApp Image 2021 07 26 at 111347 

 

 WhatsApp Image 2021 07 26 at 142925 

FaLang translation system by Faboba
Мы в социальных сетях