Халқымыздың салт-дәстүрінің білгірі, еліміздегі тарихи-мәдени мұраларды зерттеу, қайта қалпына келтіру жұмысына өзіндік қолтаңбасын қалдырған мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым-этнограф Өзбекәлі Жәнібековтың туғанына 90 жыл толуына орай республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.

"Философия, саясаттану және дінтану институты", "Қ. Сатбаевтың мемориалдық мұражайы" және "Қазқайтажаңарту" РМК ұйымдастырған бұл жиынды Әлеуметтану ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі Сейдуманов Серік Тұрарұлы ашты. «Қазқайтажаңарту» РМК ұйымдастырған көрме өз жалғасын тауып, Кәсіпорын ашылған тұстан бастап, жасалған ғылыми- реставрациялық жұмыстардың нәтижесінде нысандардың макеттері назарға ұсынылды.

WhatsApp Image 2021 08 24 at 151258

WhatsApp Image 2021 08 24 at 151258 1

Бүгінгі күні Кәсіпорын, өз жұмысын жүйелі түрде жалғастырып келеді. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырмасымен Еліміздің аумағындағы мемлекеттік тапсырмалардың тізбесінің негізінде республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін қалпына келтіру, реставрациялау, консервациялау  бағытындағы жұмыстарды жүзеге асырады.

 

WhatsApp Image 2021 08 24 at 151258 2WhatsApp Image 2021 08 24 at 151258 3

Бұдан өзге, Өзбекәлі ағамыздың Түркістандағы «Әзірет Сұлтан» қорық-мұражайының жәдігерлерін жинақтауда өлшеусіз рөл атқарған, алыс-жақыннан келушілер дұға оқып кететін қасиетті орынды әлемге әйгілі еткені бәрімізге мәлім.

WhatsApp Image 2021 08 24 at 151258 4

Келесі кезекте, жиынға қатысқан онлайн және офлайн сөз сөйлеушілерге сөз беріліп, Өзбекәлі Жәнібековтың өмірінен сыр шертті. Ашық микрофон барысында, ұсыныстар айтылып, ұйымдастырылатын іс-шаралар қызу талқыланды.

Жиынға Парламент Сенатының депуттатары,  ҚР ҰҒА академиктері, қоғам белсенділері, БАҚ өкілдері қатысты.

 

 

FaLang translation system by Faboba
Мы в социальных сетях