Наши контакты:

11-13 қазан аралығында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен «Жібек жолы: Ферғана –Сырдария дәлізі" тақырыбында Жібек жолы номинациясының құжаттамасын дайындау жөніндегі жұмыс тобы, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан елдерінің сарапшылары ЮНЕСКО-ның алдын-ала тізіміне енген тарихи мұра объектілерінің жай-күйі туралы сараптау, талқылау мақсатында есепті әзірлеу үшін Түркістан қаласында бірлескен кеңес өткізілуде.

 

                                                                     6bdbf6bf927b4e5d1fc376d97e4a9ca4  464a6d86f964b943deebe8f0eebae429


Үш күнге созылған жиында, ең алдымен қатысушы жұмыс тобы өкілдері және өзге мемлекеттерден келген сарапшылар ақылдасу жұмыстарын жүргізді. Артынша «Қазқайтажаңарту» кәсіпорын мамандарының және музей-қорық басшылықтарының сүйемелдеуімен  Отырар, Күлтөбе, Сауран, Сығанақ және Жанкент қалашықтарын аралады. Тарихи-мәдени ескерткіштердің бүгінгі жай-күйімен толықтай  танысып шықты.

 

                                                                          dd07f083608f88ab17d1a257b56479d2 0869aaf844e6af174fccc2e56e3d1fbb


Жиынға Ферғана –Сырдария дәлізі (Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан) және Дүниежүзілік мұра объектілерінің жай-күйі туралы бірлескен есепті әзірлеу үшін тағайындалған ұлттық сарапшылар, сондай-ақ қатысушы елдердің мәдениет министрліктерінің, Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросының өкілдері және музей-қорықтардың басшылығы қатысты.

 

                                                                              cf80aa6de8280a2ef61dee06db2e8022   4725cf0370bc79212081741ece4cd7a2

 

FaLang translation system by Faboba
Мы в социальных сетях