2018 жылдың 30-31 қазан күндері ЮНЕСКО-ның Алматыдағы Кластерлік бюросы Нидерланд Корольдігінің қаржылық қолдауымен «Тарихи қалалық ландшафтарға бағытталған тәсілді енгізу жолымен Түркістандағы, Қазақстан, Қожа Ахмет Ясауи кесенесін техникалық қолдау» тақырыбында алғашқы ұлттық семинарын өткізді. «Қазқайтажаңарту» кәсіпорны тарапынан семинарға бас директордың орынбасары Токмагамбетов Еркебулат пен Ғылыми зерттеу және жобалау филиалының директоры Карманов Шымыр, Ғылыми зерттеу және жобалау филиалының бас архитекторы Бейсембаева Ляззат қатысты. 
Семинар қатысушыларды ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра тізіміне енгізілген тарихи қалаларды дамытудың негізгі құралы бола алатын тарихи қалалық ландшафтарға бағытталған тәсілдерді енгізу туралы ұсыныстармен таныстыруға бағытталған. Сондай-ақ, бұл кездесу Дүниежүзілік мұра нысандарын қалалық ортада қорғау мәселелерін шешуге септігін тигізеді.

IMG 2931 31 10 18 04 33PHOTO 2018 10 31 10 36 31 2PHOTO 2018 10 31 10 36 31 3PHOTO 2018 10 31 10 36 31 4PHOTO 2018 10 31 10 36 31

FaLang translation system by Faboba
Мы в социальных сетях