«Қазқайтажаңарту» республикалық мемлекеттік кәсіпорны мен «Қырғызреставрация» ғылыми-зерттеу жобалау институты ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Меморандумда рестовраторлардың біліктілігін арттыру мәселелерін шешуді қамтитын біріккен жобаларды әзірлеу  мен жүзеге асыру шаралары қарастырылған.

Шет ел әріптестерімізбен ынтымақтастықта болу біздің үлесімізді тек қана Қазақстан Ресубликасының тарихи-мәдени ескеткіштерін сақтауға ғана емес, бүкіл Түркі әлеміндегі тарихи мұрамызды қорғауға септігін тигізеді деген ниеттеміз.

«Қырғызреставрация» ғылыми-зерттеу жобалау институтында Орта Азияда бірден-бір Реставрация факeльтеті бар екендігін ескере отырып, болашақта мол тәжірибе алмасатындығымызға сенімдіміз.

DSC 7814DSC 7815DSC 7821DSC 7822

FaLang translation system by Faboba
Мы в социальных сетях