ҚР Премьер-министрінің орынбасары Әбдіқалықова Гүлшара Түркістан қаласына арнайы іссапармен келді. «Қазқайтажаңарту» кәсіпорны директоры Садуов Асылхан 88,7 гектар аумақта орналасқан "Әзірет Сұлтан" қорық музейіне қарасты 17 тарихи-мәдени ескерткіштерін қайта қалпына келтіру жұмыстарының жобасын ұсынды. 

Премьер-министрінің орынбасарына әр нысан бойынша ғылыми зерттеу жұмыстарының тұжырымдамасы бойынша анықталған кезеңдік жұмыстары мен визуалды жобалары көрсетіліп, ағымдағы жоспарлар мен жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндалды. 

«Қазқайтажаңарту» кәсіпорны қорғау аумағындағы  17 тарихи-мәдени ескерткіштер бойынша ғылыми жобалық және сметалық құжаттамалар әзірлеп, 2021 жылға дейін жұмыстар жоспарын құрып, қазіргі уақытта Қожа Ахмет Ясауи, Жеті ата қақпа және Үндемес Ата кесенесінде қайта жаңғырту жұмыстарын бастап кетті.zamVice

FaLang translation system by Faboba
Мы в социальных сетях