ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры Күміс Сеитованың төрағалығымен кезекті ғылыми-әдістемелік кеңестің отырысы өтті.

Жиын барысында  Қожа Ахмет Ясауи кесенесі аумағындағы тарихи орындарды қайта жаңарту, жаңғырту жөніндегі жобаларды үйлестіру, аббаттандыру жұмыстары, ортағасырлық Сауран және Сығанақ қалашығын абаттандыру, сапар орталығын салу және туристік әлеуетін арттыру, Күлтөбе қалашығының цитадель бөлігінің жабынын ретке келтіру, Отырар қалашығындағы қайта жаңғырту жұмыстары бойынша мәселелер талқыланды.

Сонымен қатар, биылға жоспарлар құрылып, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар белгіленді. Жиынға "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің басшылығы, Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің басшылығы, Түркістан қаласы әкімдігінің өкілдері, "Қазқайтажаңарту" мекемесінің өкілдері мен тарихшы, ғалымдар, мердігер мекеме басшылары қатысты.

160182834 1885828758240430 4151705020994007609 n

IMG 2472

IMG 2479

FaLang translation system by Faboba
Мы в социальных сетях