title2 kz

Бүгін “Қазқайтажаңарту”  Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ғимаратында ағымдағы жылдың жоспарына сәйкес атқарылатын жұмыстар бойынша техникалық кеңес отырысы өткізілді.
Кеңес отырысында Атырау облысындағы Сарайшық қалашығы мен Жамбыл облысында орналасқан Ақтөбе қалашығы бойынша ғылыми-техникалық және ғылыми-зерттеу жұмыстары кеңінен талқыланып, алдағы жоспарлар егжей-тегжейлі пысықталды.
Жиынға Ғылыми-зерттеу және жобалау филиалының мамандары, жоба авторлары,“Қазархеология” ЖШС-нің мамандары қатысты.

 

WhatsApp Image 2021 03 31 at 150829WhatsApp Image 2021 03 31 at 150829 1WhatsApp Image 2021 03 31 at 140456 3WhatsApp Image 2021 03 31 at 140456 2

"Мәдениет және спорт министрлігі - Адалдық алаңы" кеңсесінің басшысы Марат Қамзолдаевтың қатысуымен кездесу  ұйымдастырылды. Қазіргі таңда Еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауы аясында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен қолға алынып, еліміздегі барлық өңірлерде жобалық кеңселер қызмет етіп келетіндігі туралы хабар етті. Кеңселер құрылғаннан бері айтарлықтай табыстарға қол жеткізіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамаларды іске асырды және қоғамның жергілікті билік институттарына сенімін арттыруға ықпал етті. Бүгінгі күні, ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне бағынысты барлық ведомстволық ұйымдарда "Комплаенс" қызметін құру және оны қолдана отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және оның алдын алу бойынша жұмысты іске асыру ұсынылды.

 

WhatsApp Image 2021 03 27 at 165303 2 IMG 2642

ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дауешовтың төрағалығымен «Қазқайтажаңарту» республикалық мемлекеттік кәсіпорнында, аталмыш кәсіпорынның 2021 жылға арналған жоспарына сәйкес атқарылатын ғылыми-реставрациялық жұмыстар бойынша жиын өткізілді.
Жиын барысында, Түркістан қаласындағы «Әзрет-Сұлтан» қорық мұражайы және «Отырар» қалашығының аумағында орналасқан тарихи ескерткіштерге ғылыми-зерттеу, ғылыми-реставрациялық жұмыстардың бағыт-бағдары ұсынылып, алдағы уақытқа жоспарлар айқындалды.

WhatsApp Image 2021 03 27 at 132215WhatsApp Image 2021 03 27 at 131629 2WhatsApp Image 2021 03 27 at 131629 1

Бүгін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаментының директоры Күміс Сеитованың төрағалығымен онлайн ғылыми-әдістемелік кеңес өткізілді.
Жиында ZOOM жүйесі арқылы Отырар қалажұртына жүргізіліп отырған қалпына келтіру жұмыстарының 2021 жылға арналған жұмыс жоспары таныстырылды.
Сонымен қатар, қалажұртына келуші туристерге жағдай жасау мақсатында абаттандыру жұмыстарының жобасы ұсынылып, бірқатар мәселелер талқыланды.
Бұдан өзге , аталмыш жиынға “Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайының” республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жанындағы әдістемелік кеңес құрамының мүшелері қатысты.

 

IMG 2554IMG 2547

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры Күміс Сеитованың төрағалығымен кезекті ғылыми-әдістемелік кеңестің отырысы өтті.

Жиын барысында  Қожа Ахмет Ясауи кесенесі аумағындағы тарихи орындарды қайта жаңарту, жаңғырту жөніндегі жобаларды үйлестіру, аббаттандыру жұмыстары, ортағасырлық Сауран және Сығанақ қалашығын абаттандыру, сапар орталығын салу және туристік әлеуетін арттыру, Күлтөбе қалашығының цитадель бөлігінің жабынын ретке келтіру, Отырар қалашығындағы қайта жаңғырту жұмыстары бойынша мәселелер талқыланды.

Сонымен қатар, биылға жоспарлар құрылып, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар белгіленді. Жиынға "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің басшылығы, Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің басшылығы, Түркістан қаласы әкімдігінің өкілдері, "Қазқайтажаңарту" мекемесінің өкілдері мен тарихшы, ғалымдар, мердігер мекеме басшылары қатысты.

160182834 1885828758240430 4151705020994007609 n

IMG 2472

IMG 2479

Бүгін ҚР Ұлттық жобалаушылар Қауымдастығының атқарушы директоры, ҚР «Атамекен» ҰКП құрылыс, құрылыс материалдарын өндіру және ТКШ комитетінің мүшесі - Бисарова Мюаш Аймұханбетқызы, «ҚР Ұлттық жобалаушылар Қауымдастығының өкілі – Алишер Алимовтың қатысуымен 2021 жылға жоспарланған нысандармен таныстыру жұмыстары жүргізілді.
Жиын отырысында«Қазқайтажаңарту» РМК бас директоры Махаббат Бигельдиев кіріспе сөз бастап, баяндамашыларға сөз берді.
Алғашқы сөз кезегін алған «Қазқайтажаңарту» РМК бас директорының өндірістік істері жөніндегі орынбасары Исабек Нұрмағанбетов Маратұлы кәсіпорынның негізгі бағыты мен тарихына тоқталып өтті.
Келесі кезекте, «Қазқайтажаңарту» РМК бас директорының кеңесшісі -Тұяқбаев Қанат Қымызұлы, аталмыш кәсіпорын қайта қалпына келтіру жұмыстары жасалған нысандардың жасалу тарихы мен технологиясы жайында толыққанды баяндама жасады. Атап өтсек, Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің күмбезі, ішкі сыртқы жұмыстарына ,Айша бибі кесенесінің толық қалпына келтіру жұмыстары бойынша, Ақтөбе облысындағы Абат-Байтақ кесенесі,Орталық Қазақстандағы Дүзен кесенелері туралы ақпарат берілді.
Сонымен қатар, 2021 жылғы жоспарда тұрған нысандар туралы презентация көрсетіліп, тарихи -мәдени мұралардың жағдайына тоқталып, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарды айтып өтті. Кәсіпорын қарамағынадағы Түркістан филиалының өндірістік базасындағы көне технологиямен шығарылатын реставрациялық материал жайында бейнеролик ұсынылды.
Өз кезегінде, “Остров Крым” Ғылыми зерттеу зертханасының директоры Крым Алтынбеков 2021 жылдың жылдық жоспарына сәйкес Жамбыл облысында орналасқан, Құлан қалашығындағы мыңдаған жыл тарихы бар бөлме ішіндегі қам балшықтан ойып, әрлендірген қабырғадағы ою өрнектерді сақтап қалу технологиясымен таныстырып өткеннен кейін , Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің Гурхана (қабірхана) бөлмесінің кіреберіс есігінің толық қалпына келтіріп, түпнұсқасын мұражай экспонаты есебінде сақтап қалып, есікке зиян тиюдің алдын алу бойынша тың мәліметтерімен бөлісті.
Бұдан өзге, жиын отырысынан кейін ”Остров Крым” Ғылыми зерттеу зертханасының тыныс тіршілігімен танысты. Неолит , палеолит кезінен бізге жеткен тарихи артефактілердің консервацияланған жұмыстардың нәтижелерін көріп қайтты.

WhatsApp Image 2021 02 25 at 160241WhatsApp Image 2021 02 25 at 160241 1WhatsApp Image 2021 02 25 at 160242аш Аймуханбетовны, представителя Национальной ассоциации проектировщиков РК – Алишера Алимова проведена презентация объектов, запланированных на 2021 год.
С приветственным словом выступил генеральный директор РГП “Казреставрация" Махаббат Бигельдиев.
Получив первое слово,заместитель генерального директора по производственной работе РГП “Казреставрация" Исабек Нурмаганбетов Маратович остановился на основных направлениях и истории предприятия.
В свою очередь, советник генерального директора РГП «Казкайтажанарту»- Туякбаев Канат Кымызович выступил с полным докладом об истории создания и технологии реконструируемых объектов. В частности, была представлена информация о куполе мавзолея Ходжи Ахмеда Яссауи ,внутренних наружных работах, полной реконструкции мавзолея Айша биби,мавзолея Абат-Байтак в Актюбинской области, мавзолея Дузен в Центральном Казахстане.
Кроме того, была представлена презентация об объектах, стоящих в плане на 2021 год, рассказано о состоянии историко-культурного наследия, а также о предстоящей работе. На производственной базе Туркестанского филиала предприятия был представлен видеоролик о реставрационном материале, выпускаемом по старинной технологии.
В свою очередь, директор научно-исследовательской лаборатории "Остров Крым" Крым Алтынбеков в соответствии с годовым планом на 2021 год , ознакомил с технологией работ по сохранению и отделке орнаментов на стенах, вырезанных из каменной глины, в помещениях городища Кулан, расположенного в Жамбылской области, а также поделился информацией о полной реставрации входной двери в помещение Гурханы (кладбища) мавзолея Ходжи Ахмеда Яссауи и сохранении оригинала в качестве музейного экспоната по недопущению порчи двери.
Кроме того, после заседания ознакомились с жизнедеятельностью научно-исследовательской лаборатории ”Остров Крым”. Увидели результаты консервированных работ исторических артефактов , дошедших до нас со времен неолита, палеолита.

Бүгін «Мәдениет және спорт министрлігі - Адалдық алаңы»  жобасы өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазқайтажаңарту» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік­ кәсіпорынның филиалдарымен «Сыбайлас жемқорлықты жою – Ұрпаққа аманат» атты тақырыбы бойынша онлайн-семинар отырысы өтті.

 Онлайн-семинар барысында сөз алған жоба кеңсесінің басшысы Марат Болысбекұлы Камзолдаев «Мәдениет және спорт министрлігі - Адалдық алаңы» жобасының басты мақсаты - сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әр азаматтың міндеті. Міндетіміз – азаматтық жауапкершілік ұрпақ тәрбиесі екендігін айта кетті. Сонымен қатар, жобаның алға қойған міндеттерді іске асыру мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңының, негізгі талаптары жемқорлыққа жол бермеу болып табылатын нормативтік актілерді мүлтіксіз орындау, әр азаматтың, мемлекеттік қызметте істейтін қызметкерлердің, лауазымды тұлғалардың заң ұғымын жете білу, жауапкершілікпен қарау, елге адал қызмет ету бағыттары бойынша алдын-алу, күшейту жұмыстары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты түсіндіру аясында онлайн-семинарлар, кездесу жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келетіндігін атап өтті.

Келесі кезекте сөз тізгінін алған Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының кеңесшісі Жазира Жақсылыққызы Жылқышиева сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң аясында енгізілген  өзгерістерге тоқталып, толыққанды түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Жиын қорытындысы бойынша, жоба кеңсесінің басшысы Марат Болысбекұлы Камзолдаев жоба қатысушыларына алғысын білдіріп, аталмыш жобаның іске асыру бағытындағы іс шаралардың орындалуын тапсырды.

WhatsApp Image 2021 02 23 at 185444 1

Бүгін Ұлттық академиялық кітапханада Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің онлайн форматта 2020 жылдағы атқарылған қызметі және 2021 жылға қойылған негізгі міндеттері туралы кеңейтілген Алқа мәжілісі өтті. Аталмыш жиынға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов қатысты.
Сондай-ақ, іс-шараға Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің және қоғамдық кеңес өкілдері, Парламент депутаттары, Министрлікке бағынысты мекемелер мен жергілікті атқарушы орган басшылары қатысты.
Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, вице-министр Нұрғиса Дәуешов, Сәкен Мұсайбеков, Ғабидолла Әбдірахымов баяндама жасады.
Алқа мәжілісінде келесі мәселелер қаралды:
- 2020 жылы Қазақстан Республикасының мәдениеті мен тіл саясатын дамыту туралы;
- дене шынықтыру және спорт саласындағы нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру;
- мәдениет, спорт және туризм саласындағы кәсіподақтардың қызметі туралы;
- 2021 жылы туристік саланы дамыту туралы;
- спорт саласындағы ұсынылған бастамалардың ағымдағы жағдайы және 2021 жылы оны дамыту;
- ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттері.
Бұдан өзге, Министр Мемлекет басшысының "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" Жолдауының, Елбасының "Рухани жаңғыру" және "Ұлы даланың жеті қыры" бағдарламалық мақалаларын негізгі басымдықтарын талқылауға ерекше назар аударды.
Жиын соңында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов: “Бұл жыл біздің халқымыз үшін тарихи маңызды. Біз ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтеміз. Еліміз бойынша еліміздің мерейтойына арналған 360-тан астам мәдени және 400-ге жуық спорттық іс-шаралар жоспарланған. Президенттің тапсырмасына сәйкес, биыл Наурыз жаңартылған тұжырымдамамен, мазмұнмен байытылатын болады. Жазғы Олимпиадаға қатысты Жапониядағы нәтижелер 2016 жылғы ойындардан төмен болмауы тиіс” - деп, нақты бірқатар тапсырмалар берді.
Отырыс соңында министрлік жұмысының негізгі бағыттары айқындалып, мәдениет, спорт және туризм саласын дамытуға қатысты тапсырмаларды сапалы және уақтылы орындауды қамтамасыз ету үшін міндеттер қойылды.
a1d7b95e 89be 47b4 9f1f 49c5effca4f2
1c58e5d0 9832 493a a23a 0bac5d69c8a5