Ағымдағы жылдың 10-11 қаңтарында Сарайшық қалашығының даму жоспары бойынша жиын өтті.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы Күміс Сейітованың төрағалығымен өткен бұл жиында Сарайшық қалашығында алдағы уақытта жүргізілетін жұмыс жоспары талқыланып, мамандардың ұсыныстары ортаға салынды.

Жалпы, былтыр Кәсіпорын Сарайшық қалашығының кіре беріс қақпасы құрылысының жұмыстарын жүргізіп, аяқтаған болатын.

Жиынға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің Тарихи-мәдени мұра бөлімінің басшысы Жанат Сейдалиева, “Қазқайтажаңарту” РМК бас директоры Махаббат Бигельдиев , Атырау облысы әкімдігінің өкілдері, Ә. Марғұлан атындағы Археология институтының директоры Оңғарұлы Ақан, “Сарайшық” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы директоры профессор Мұқтар Әбілсейіт және ғалымдар, облыстық мәдени мекеме басшылары қатысты.

 

577ab0d4ca47f7f4c2cab1d276ef52bb 3d41623ef37bd369952faa2f0f071404 c7de38dc3bcc356d005bb216bce8026b 

e735a068b562589d64e2414ad8ad154d

⚜️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Егемен Қазақстан» газетіне сұхбат берді.

⚜️Сұхбатта еліміздің ішкі-сыртқы саясатына қатысты мәселелер, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы, Қаңтар қасіреті, қоғамдағы тұрмыстық зорлық-зомбылық, Атом станциясының құрылысы секілді өзекті тақырыптар айтылды.
Сондай-ақ, Президенттің жеке өзіне қатысты да кейбір мәселелер жөнінде әңгіме өрбіді.

⚜️Мақаланың толық нұсқасын «Егемен Қазақстан» газетінің санынан немесе басылымның сайтынан оқуға болады.

b7bf25b5b84abc9ae965a39cfc89c978 82a55a2f408f68689e4ddc2af14ef361 87d98b3e38a38be0b0e1c21b95781448 d0c331eaa25d5814b93f2009ea196dad 

 

 

“Қазқайтажаңарту” РМК ұжымы Сейітова Күміс Қарсақбайқызын ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің төрайымы лауазымына тағайындалуымен шын жүректен құттықтаймыз!

Құрметті Күміс Қарсақбайқызы!

Жаңа жұмысыңызда толағай табыстарға, мақсатта биік шыңдарға жете беруіңізді тілейміз!

2cb13d5cac56cd60ea303ab50dec45e9

 

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тарихи-мәдени мұра басқармасының басшысы Жанат Сеидалиева Шоқан Уәлиханов атындағы «Алтынемел» мемориалдық музейіне барды.

Сапар барысында биыл мемориалдық музейде жүргізілген ғылыми- реставрациялық және музеефикация жұмыстарының нәтижесімен танысты.

Сонымен қатар, Шоқан Уәлихановтың өмірі мен еңбек жолы, тарихи-этнографиялық, георафиялық зерттеулері және ғұмырының соңғы кезеңі туралы тарихи деректер мен жәдігерлер таныстырылды. Музей қызметкерлерімен әңгімелесіп, музейді аралап, Құрметті қонақтар кітабына жылы лебізін қалдырды.

 

90ca3213f27cbf4b507dd1d12df68cc1 cb84f2ea8da03f7b05c8ea58a28758fa dde9f175f6a326a149a71020e197c69c 269c67ba7ab2e9d93db795795f611b29

Бүгін «Таңбалы» музей-қорығына, «Қазқайтажаңарту» кәсіпорны  жүргізген 3800 гектар жер көлемінің 5,8 шақырымына  қоршау жұмыстарының және «Таңбалы» кешенінің ортаңғы аумағына абаттандыру жұмыстары мен ІІ – топ жартас суреттеріне реставрациялық,консервациялық жұмыстарының нәтижесімен танысуға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің тарихи-мәдени мұра басқармасының басшысы Сейдалиева Жанат жұмыс сапарымен келді.

 

59d63625c3ff5c7221d155a400e62462 b4b2714623b7d786e4674a6ecc43227e c42011572c261af81dca91d76e5bf92c 

6216f7dac6c090f6c155dc43119a6648 

 

Құрметті достар!

Баршаңызды қастерлі мерекеміз 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Көк байрағы желбіреген, бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігі баянды болсын!

Ел ертеңі жолындағы еңбегіміз жана берсін!8f32a95979709b568ab49fa705f9844f

Қазақстан Республикасының Ұлттық валюта күніне орай, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның Алғыс хатымен «Қазқайтажаңарту» РМК бас есепшісі Абенбаева Эльмира Сейсенбекқызы марапатталды.

Марапатты Кәсіпорнымыздың бас директоры Махаббат Бигельдиев табыс етті.

Марапат иесін шын жүректен құттықтаймыз! 💐💐💐 

 

cc93c59ac45deaf3d20b8152abc8d4ae

ҚР Мәдениет және ақпарат вице - министрі Арман Жүдебаев жұмыс сапарымен Түркістанға барып, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің бүгінгі жай күйімен танысты.
Сапар барысында Кесенедегі жүргізілген ғылыми-реставрациялық, қайта-қалпына келтіру жұмыстарын саралады.

Әрі қарай Кесенедегі кешенді ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыратын, жүргізетін арнайы мониторинг орталықтың жұмысымен танысты.

 

576f3a62dbac3adca794f21084769d79  091aee1fb70a8316e547cbf629155e7c 8e089248d2832ee7dcbbc2c93179ec37 

f3dbfdd736b0c891a1717c080a65c24e

FaLang translation system by Faboba
Мы в социальных сетях