Алматы облысы, Жаркент қаласындағы «Жаркент мешіті» сәулеттік- көркемдік музей кешеніндегі ғылыми- ресиаврациялық жұмыстары аяқталды.

Нысанды «Қазқайтажаңарту» РМК бас директоры Махаббат Бигельдиев аралап қайтты.

WhatsApp Image 2021 11 19 at 111440

Тарихтан бастау алсақ, «Жаркент мешіті» сәулеттік- көркемдік музей кешені – ХІХ ғ. сәулет өнері ескерткіші. Құрылыс жұмыстары Пекиннен шақырылған Қытай маманы, инженер–Хон Пиктің басшылығымен жүргізілген. Кешеннің ең басты нысанының маңыздысы - мешіт ғимараты болып табылады. Тарихи нысан ағашты қиюластыру арқылы, шегесіз салынған.

Кешеннің нысандар: мешіт ғимараты, басты кіру – порталы, медресе, дұға оқитын үй, қақпа – қоршаулар.

Қарқынды түрде жүргізілген жұмыс түрлерінің барысы және сапалы орындалуы Кәсіпорынның жіті назарында болды.

WhatsApp Image 2021 11 19 at 111501

Нысанның қалпына келтіру жұмыстары арнайы реставратор мамандардың көмегімен жүзеге асырылды. 130 жылдық тарихы бар тарихи нысанның шатыр жабыны толық жаңартылып, қасбеті  реставрацияланды.

 

WhatsApp Image 2021 11 19 at 111502

Бұдан өзге, аралау барысында 2022 жылға жоспарланған жұмыс түрлері нақтыланып, атқарылатын жұмыстар белгіленді.

 

«Қазқайтажаңарту» РМК 2021 жылғы атқарылып жатқан жұмыстары туралы және 2022 жылға жоспарланған тарихи- мәдени ескерткіштерді ғылыми-реставрациялау жұмыстарын мемлекеттік тапсырма негізінде орындау бойынша жиын өтті.

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту Агенттігі төрағасының орынбасары Сәмбетов Болат Қуанышбеккұлының қатысуымен өткен бұл жиын, ZOOM платформасы арқылы онлайн форматта ұйымдастырылды.

 WhatsApp Image 2021 10 25 at 193322

Жиында «Қазқайтажаңарту» РМК бас директоры Махаббат Бигельдиев, Кәсіпорынның 2021 жылғы жоспарына сәйкес, нысандардағы  атқарылып жатқан  реставрация, консервация бағытындағы жұмыстарға кеңінен тоқталып, 2022 жылғы жоспарланған жұмыстар туралы егжей-тегжейлі таныстырып өтті.

Жалпы, Кәсіпорынның негізгі бағыты – республикалық дәрежедегі және шетелде қазақ тарихына, мәдениетіне, өркениетіне қатысы бар тарих, мәдениет және сәулет ескерткіштерін жаңғырту, ғылыми-реставрациялау, консервациялау, регенерация жұмыстарын орындау, ғылыми–зерттеу жобаларын жасау және ескерткіштер жинағын дайындау болып табылады.

WhatsApp Image 2021 10 25 at 190517

Сонымен қатар, Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінде ел аумағы бойынша 250 объекті бар. Ол жыл сайын жаңартылып, жаңа құнды нысандар осы тізімге енгізіліп тұрады.

WhatsApp Image 2021 10 25 at 190517 1

Бұдан өзге, жарыссөзге қатысқан сөз сөйлеушілер, Кәсіпорынның реставрация саласындағы маңыздылығын айта отырып, тарихи мұраларды сақтап қалу жөнінде өзара пікір алмасты.

WhatsApp Image 2021 10 25 at 192137

Жиынға, Ғылыми – зерттеу және жобалау филиалының өкілдері, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейінің басшылығы, ҚР Ұлттық жобалаушылар қауымдастығының басшылығы,археолог мамандар, Қырым аралы ғылыми-реставрациялау зертханасының басшылығы қатысты.

 

«Қазқайтажаңарту» РМК бас директоры Махаббат Бигельдиев "Жамбыл музей-үйі" кешеніндегі жүргізіліп жатқан ғылыми-реставрациялық жұмыстардың барысын қадағалап қайтты.

WhatsApp Image 2021 10 11 at 170004

Сәйкесінше, кесенеге жүргізіліп жатқан қалпына келтіру жұмыстары және музей-үйіндегі музеефикация бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.

Жиында, қалпына келтіру жұмыстарының сапалы және мерзімге сәйкес уақытылы аяқталуын тиісті жауапты мамандарға тапсырды.

WhatsApp Image 2021 10 11

Тексеру барысындағы анықталған бірқатар мәселелер пысықталып, егжей-тегжейлі қарастырылды.

 

Бүгін «Қазқайтажаңарту» РМК бас директоры Махаббат Бигельдиев, Алматы қаласындағы «М.О. Әуезовтың әдеби-мемориалдық музей үйінде» жүргізіліп жатқан ғылыми-реставрациялық жұмыстарымен танысты.

WhatsApp Image 2021 09 28 at 132414 

Басқосуда, Музей-үй басшылығының ұсыныстарын енгізіп, жұмыстар егжей-тегжейлі пысықталды.

qwerty 1

qwerty 2

Ғылыми-қалпына келтіру жұмыстарының мерзіміне сәйкес, уақытылы аяқталу үшін, тиісті мамандарға тапсырмалар берілді.

Кезекті жұмыс сапарымен, «Қазқайтажаңарту» РМК бас директоры Махаббат Бигельдиев Түркістан облысына барды.

Сапар барысында, мемлекеттік тапсырма негізінде, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіндегі ғылыми-қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқан бірқатар нысандардағы жұмыстардың барысын қадағалап қайтты.

 WhatsApp Image 2021 09 24 at 073652WhatsApp Image 2021 09 24 at 074022

Нысандардағы реставрация, консервация бағытындағы жұмыстар, объектілерді дамытудың бекітілген тұжырымдамалық жоспарына сәйкес жүргізілуде.

WhatsApp Image 2021 09 24 at 073651 1 WhatsApp Image 2021 09 24 at 073651

Келесі кезекте, «Отырар ежелгі қаласын ішінара қалпына келтіру жөніндегі» жобасы бойынша, «Отырар» қалашығындағы қайта жаңғырту, дамыту бағытында ғылыми-қайта қалпына келтіру жұмыстарының орындалуын бақылап, сәйкесінше, тиісті жауапты мамандарға тапсырмалар берілді.

 

WhatsApp Image 2021 09 24 at 073409 1 WhatsApp Image 2021 09 24 at 073409

Жалпы, Кәсіпорынның өндірістік кестесіне сәйкес, нысандардағы ғылыми-реставрация, консервация және қайта қалпына келтіру жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.

 Жұмыстың сапалы және мерзіміне сәйкес орындалуы, Кәсіпорынның назарында.

Бүгін, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің, Мәдениет комитетіне қарасты, Мемлекеттік кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің 2020 жылғы қызметінің нәтижелерін тыңдау туралы жиын өтті.

WhatsApp Image 2021 09 13 at 071209

Онлайн форматта өткізілген жиын барысында, «Қазқайтажаңарту» республикалық мемлекеттік кәсіпорынының бас директоры Махаббат Бигельдиев баяндама жасады.

Өз баяндамасында, Кәсіпорын «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» заңын іске асыру шеңберінде, 2020 жылы нысандарда жүргізілген ғылыми-қайта қалпына келтіру, консервация, реставрация бағытындағы атқарылған жұмыстарға кеңінен тоқталды.

 

WhatsApp Image 2021 09 10 at 155849 2

Сонымен қатар, атқарылған ауқымды жұмыстардың қатарында, ұлы Абайдың 175 жылдығына орай, Жидебай шатқалындағы Абайдың музей-үйінде, «Ұлжан-Зере» кесенесінде, Семей қаласындағы Ахмет Риза мешіт-медресесіне және «Жидебай Бөрілі» әдеби-мемориалдық музей ғимаратында ғылыми-реставрациялау жұмыстары атқарылды. Сондай-ақ, Алтын Орданың 750 жылдық мерейтойы аясында, Жошы хан және Алаша хан кесенелерінде қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.

Бұдан өзге, Кәсіпорынның әрі қарай дамыту бағытындағы проблемалық мәселелерге тоқталып, ұсыныстар егжей-тегжейлі пысықталды.

WhatsApp Image 2021 09 10 at 155849 3

WhatsApp Image 2021 09 01 at 124254

«Қазқайтажаңарту» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының  ұжымы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезекті Қазақстан халқына  жолданған Жолдауын тыңдады. Сан саланы қамтыған Жолдауда, Мемлекет басшысы мәдениет саласын да шет қалдырмады.

WhatsApp Image 2021 09 01 at 124148 

Жолдауда, сала қызметкерлеріне 2022-2025 жылға дейін жалақының жыл сайын 20%- ға өсетінін, - айтып өтті. Бұл санатқа мұрағатшылар, кітапханашылар, қорықшылар, техникалық қызметкерлер және көлік қызметкерлері еніп отыр. 

Cонымен қатар, Мемлекет басшысы Жолдауда еліміздің әлеуметтік- экономикалық дамуының басым бағыттарын жариялап, бірқатар бастамаларды көтерді.

WhatsApp Image 2021 09 01 at 124125

 

 

WhatsApp Image 2021 08 30 at 185008 

🔶 Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, XIV ғасырдың соңы

1.Үлкен Ақсарай\ Желдетілетін шатыр жабынын орнату жұмыстары

2.Кітапхананың төбесі мен N2 дәлізі\ Шатыр жабынындағы жұмыстарды жалғастыру

WhatsApp Image 2021 08 30 at 185009

🔶 Рәбия Сұлтан Бегім кесенесі, VI ғасыр

1. Порталда қалпына келтіру қабатын жөндеу жұмыстары. Пилон П1,Пилон П2

WhatsApp Image 2021 08 30 at 185009 1 

🔶 "Үлкен Хилвет және XII-XIX ғасырлардағы жерасты мешіті"

1. Мешіт маңында отмостка құру, жиектерді монтаждау (поребрика) \қиыршық тас төсеу

WhatsApp Image 2021 08 30 at 185010 

🔶Абай Құнанбайұлының үйі( Анияр Молдабаевтың үйі), қазіргі - "Алаш арыстары-М. Әуезов мұражайы"

1. Қабырғаларды әрлеу жұмыстары

WhatsApp Image 2021 08 30 at 185010 1  

🔶 Айтбай мешіті, Искан және Камал шеберлері, 1878 жыл

1. Айванның еден төсенішін демонтаждау және орнату

2. Шатыр мен күмбезді бояуды аяқтау

3. Бағаналардың жарықшаларын бітеу және лакпен бояу

WhatsApp Image 2021 08 30 at 185011  

🔶 "Жаркент мешіті" архитектуралық-көркемдік мұражай кешені

1. Мешіт шатырын жөндеу және сырлау

2. Айванның қабырғасын ағарту

WhatsApp Image 2021 08 30 at 185011 1 

🔶 Мешіт XVI ғасыр (Бердібек сарай)

1. Қаланған кірпіштердің тігісін түйістіру 

 WhatsApp Image 2021 08 30 at 185012 

🔶 Бекініс қабырғалары

1. Ғылыми-зерттеу жұмыстары

2. Шикі кірпіштен жасалған консервациялық қалау

 

WhatsApp Image 2021 08 30 at 185013 

🔶 "Жетіата қақпа, XVII-XVIII ғғ."

1.Бекініс қабырғасының қабырғаларын қалау жұмыстары аяқталды

2.Бекініс қабырғасының қабырғаларын сылау жұмыстары аяқталды

FaLang translation system by Faboba
Мы в социальных сетях