«Қазқайтажаңарту» РМК бас директоры Махаббат Бигельдиев кезекті жұмыс сапарымен 2021 жылға арналған мемлекеттік тапсырмалардың тізбесінің негізінде, мемлекеттік тапсырма бойынша жоспарланған ғылыми–реставрациялау жұмыстарының басталуын қадағалау мақсатында Маңғыстау облысы «Оғланды жеріндегі Бекет ата жерасты мешіті» нысанына барды.

Аралау барысында ғылыми-қалпына келтіру жұмыстарының бағытын айқындап берді. Сондай-ақ, тапсырмалардың берілген мерзімге сәйкес уақытылы және сапалы орындалуын тиісті жауапты мекемелерге тапсырды. 

 

large beketata3 339f9e61e134a0b967229d96c76942dc 

WhatsApp Image 2021 08 24 at 170936  

 

Халқымыздың салт-дәстүрінің білгірі, еліміздегі тарихи-мәдени мұраларды зерттеу, қайта қалпына келтіру жұмысына өзіндік қолтаңбасын қалдырған мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым-этнограф Өзбекәлі Жәнібековтың туғанына 90 жыл толуына орай республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.

"Философия, саясаттану және дінтану институты", "Қ. Сатбаевтың мемориалдық мұражайы" және "Қазқайтажаңарту" РМК ұйымдастырған бұл жиынды Әлеуметтану ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі Сейдуманов Серік Тұрарұлы ашты. «Қазқайтажаңарту» РМК ұйымдастырған көрме өз жалғасын тауып, Кәсіпорын ашылған тұстан бастап, жасалған ғылыми- реставрациялық жұмыстардың нәтижесінде нысандардың макеттері назарға ұсынылды.

WhatsApp Image 2021 08 24 at 151258

WhatsApp Image 2021 08 24 at 151258 1

Бүгінгі күні Кәсіпорын, өз жұмысын жүйелі түрде жалғастырып келеді. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырмасымен Еліміздің аумағындағы мемлекеттік тапсырмалардың тізбесінің негізінде республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін қалпына келтіру, реставрациялау, консервациялау  бағытындағы жұмыстарды жүзеге асырады.

 

WhatsApp Image 2021 08 24 at 151258 2WhatsApp Image 2021 08 24 at 151258 3

Бұдан өзге, Өзбекәлі ағамыздың Түркістандағы «Әзірет Сұлтан» қорық-мұражайының жәдігерлерін жинақтауда өлшеусіз рөл атқарған, алыс-жақыннан келушілер дұға оқып кететін қасиетті орынды әлемге әйгілі еткені бәрімізге мәлім.

WhatsApp Image 2021 08 24 at 151258 4

Келесі кезекте, жиынға қатысқан онлайн және офлайн сөз сөйлеушілерге сөз беріліп, Өзбекәлі Жәнібековтың өмірінен сыр шертті. Ашық микрофон барысында, ұсыныстар айтылып, ұйымдастырылатын іс-шаралар қызу талқыланды.

Жиынға Парламент Сенатының депуттатары,  ҚР ҰҒА академиктері, қоғам белсенділері, БАҚ өкілдері қатысты.

 

 

WhatsApp Image 2021 08 21 at 223134

🔶 Рәбия Сұлтан Бегім кесенесі, VI ғасыр

1. Порталға дөңгелек арка орнату

WhatsApp Image 2021 08 21 at 223135 

🔶"Қылует жерасты мешіті",  XII-XIX ғғ.

1. Бағаналардың төменгі бөліктерін қалпына келтіру жұмыстары

WhatsApp Image 2021 08 21 at 223135 1 

🔶  "Мусаля қақпа", XVII-XVIII ғғ.

1.Бір қабат сазды ерітіндімен сылақ сылау жұмыстары / Сылақ жұмыстары аяқталды

WhatsApp Image 2021 08 21 at 223136 

🔶"Ақтөбе қалашығы", VI-XIII ғғ.

1. Қабырғаларды күйдірілген кірпішпен қалау

WhatsApp Image 2021 08 21 at 223136 1 

🔶 "Сырымбет үй-жайы"

1. Кіреберіс есігін орнату, кіреберіс лактау және бояу
2.Олифкамен сырлау, аумақты қоршау жұмыстары

WhatsApp Image 2021 08 21 at 223137 

🔶 "В. В. Куйбышев мұражайы үйі", қазіргі Көкшетау қаласының тарих мұражайының ғимараты,1889 ж-1905

1. Ішкі әрлеу жұмыстары/ГВЛ-дан төбені түйістіру жұмыстары
2. Плиткаларды  орнату ,сылақтың соңғы қабатын жағу
3. Негізгі кіреберіске плиткаларды төсеу

 

 

WhatsApp Image 2021 08 21 at 223137 1  

🔶 Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, XIV ғасырдың соңы

1.Гурхананың есігін шешуге дайындау

2.Есік "Қырым аралы" ғылыми-қалпына келтіру зертханасына жеткізілді

WhatsApp Image 2021 08 21 at 223138  

🔶 Құлан қалашығы, VI ғасыр-XIII ғасырдың басы

1. Үлкен, кішкентай және мүсіндік фрагменттерге арналған әдістерге сәйкес жаңа негізде жиналған кесілген саз панельдерін желімдеу жұмыстары.

WhatsApp Image 2021 08 21 at 223138 1

🔶 Айтбай мешіті, Искан және Камал шеберлері, 1878 жыл

1. Стелобат еденін қаптау жұмыстары
2. Терезелер мен есіктерді лакпен бояу
3. Айван төбесін бояу

 

WhatsApp Image 2021 08 21 at 223139 

🔶 "Жаркент мешіті" сәулеттік-көркемдік музей кешені ХІХ ғ.

1. Мешіттің шатырын жөндеу және сырлау
2. Айванның қабырғасын ағарту

WhatsApp Image 2021 08 21 at 223139 1 

🔶 Солтүстік қақпа

1. Шикі кірпіштен жасалған консервациялық қалау

 

WhatsApp Image 2021 08 21 at 223140 

 🔶XVI ғасыр Мешіті (Бердібек сарай)

1. Түркістан кірпішімен қабырға қалау жұмыстары

WhatsApp Image 2021 08 21 at 223141  

🔶  "Жамбыл музей-үйінің кешені", 1938-1946 жж.

1. Қасбетті қалпына келтіру жұмыстары
2. Сылақтың қабыршақтанған қабатын жөндеу
3. Ғимараттың қасбеті бойынша жұмыстар аяқталды

WhatsApp Image 2021 08 21 at 223141 1

🔶 М. О. Әуезовтің әдеби-мемориалдық мұражай-үйі

1. Қасбет жұмыстары 
2. Сылақтың ескі қабатын демонтаждау/ Қабырғаларды ақтау

ҚР Мәдениет және спорт вице - министрі Нұрғиса Дәуешовтің қатысуымен, Батыс Қазақстан облысының тарихи -мәдени мұра объектілерінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында 2021-2022 жылдары жүзеге асырылатын Батыс Қазақстан облысындағы  тарихи - мәдени объектілерінің ғылыми-зерттеу, жобалау және өндірістік жұмыстары бойынша көшпелі отырыс өтті.

Басқосуға «Қазқайтажаңарту» РМК бас директоры Махаббат Бигельдиев, Батыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының басшысы Сайран Дүйсенов, «Қазқайтажаңарту» РМК Батыс Қазақстан филиалының директоры Еркебұлан Өмірзақ, Хан Ордасы Батыс Қазақстан облыстық тарихи-мәдени, сәулет-этнографиялық музей-қорығының директоры Ғайса Махимов қатысты.

Атап айтсақ, Атырау қаласында орналасқан Сарайшық қалашығының және Батыс Қазақстан облыстық Хан ордасы тарихи-мәдени, архитектуралық-этнографиялық музей-қорығының жай-күйімен толыққанды танысып, аралап шықты.  

Осыған байланысты, аралау барысында нысандардың жай-күйі егжей-тегжейлі талқыланды және жұмыстың стратегиялық бағыттары бойынша мәселелер пысықталды. Тарихи ескерткіштерді  сақтап қалу мақсатында жоспарлар құрылып, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар белгіленді.

4445k

 

WhatsApp Image 2021 08 17 at 172739 1 

WhatsApp Image 2021 08 17 at 181749

 

5454k 

 

 

 

WhatsApp Image 2021 08 15 at 162525

🔶Қожа Ахмет Ясауи кесенесі XIV ғасырдың соңы

1.Үлкен Ақсарай шатыры/ Күмбездің желдетілетін шатыр жабынын орнату жұмыстары

2.Үлкен Ақсарай шатыры / Шатырды демонтаждау және құрылыс қоқыстарын шығару бойынша жұмыстарды жалғастыру

WhatsApp Image 2021 08 15 at 162525 1 

🔶Рәбия Сұлтан Бегім кесенесі, VI ғасыр

1.Қалпына келтіру қабаты мен портал қабырғасын демонтаждау жұмыстары / Екінші пилондағы арканың темірбетон табанын орнату

2.Дөңгелек арка жасау жұмыстары

WhatsApp Image 2021 08 15 at 162526

🔶 "Жетіата қақпа, XVII-XVIII ғғ."

1.Бекініс қабырғасы мұнарасының қабырғаларын қалау

2.Мұнараның ішіне топырақ(засыпка) толтыру

WhatsApp Image 2021 08 15 at 173902

🔶 "Мусаля қақпа, XVII-XVIII ғғ."

1.Сылақ торын монтаждау

2.Бекініс қабырғасының тістерін қалау

3.Сылақтың 1-ші қабатын сазды ерітіндімен сылау

 

WhatsApp Image 2021 08 15 at 162526 1 

 

🔶 Магистралды көшесі

1.№4 дақ. Гидрооқшаулағыш құрылғы. Қабырғалардың негізін күйдірілген кірпішпен қалау жұмыстары

WhatsApp Image 2021 08 15 at 162527 

🔶 Мақат кесенесі, 1923 жыл

1.Шатырды, күмбезді қалпына келтіру, кесенеге қоршауды орнату жұмыстары аяқталды

 

WhatsApp Image 2021 08 15 at 162527 1 

🔶Лабақ кесенесі, ХІХ ғасыр

1.Кесенеге қоршау орнату, тас плиталарын қою жұмыстары аяқталды

WhatsApp Image 2021 08 15 at 162528 

🔶 "В.В. Куйбышев мұражай-үйі", қазіргі Көкшетау қаласының тарих мұражайының ғимараты, 1889-1905 жылдар

1.Терезелер мен терезе жақтауларын орнату  

2.Есіктерді дайындау 

3.Қасбетті әрлеу жұмыстары 

 

WhatsApp Image 2021 08 15 at 162528 1 

🔶Айтбай мешіті, Искан және Камал шеберлері, 1878 жыл

1.Айванды қалпына келтіру жұмыстары басталды

WhatsApp Image 2021 08 15 at 162529 

🔶"Жаркент мешіті" сәулеттік-көркемдік музей кешені, ХІХ ғасыр

1.Мешіт шатырын жөндеу және сырлау

2. Ішкі әрлеу жұмыстары

WhatsApp Image 2021 08 15 at 162529 1 

🔶 Жамбыл мұражай-үйінің кешені, 1938-1946 ж.ж.

1.Әрлеу жұмыстары /Сылақ / Электрмонтаждау жұмыстары

2.Қасбетті қалпына келтіру жұмыстары

 

🔶 "Отырар" мемлекеттік археологиялық мұражай-қорығы

WhatsApp Image 2021 08 15 at 162530 

🔶 Бекініс қабырғалары

1.Бекініс қабырғасын қалау жұмыстарын жалғастыру

 

WhatsApp Image 2021 08 15 at 162530 1 

🔶 Мешіт, XIV ғасыр

1.Түркістан кірпішімен қабырға қалау жұмыстары 

WhatsApp Image 2021 08 15 at 162531 

🔶XVI ғасыр Мешіті (Бердібек сарай)

1.Түркістан кірпішімен қабырға қалау жұмыстары

WhatsApp Image 2021 08 15 at 162531 1 

🔶 "Магистральды көше": Гончар үйі

1.Ошақты қалпына келтіру

2.Шикі кірпіштен жасалған сөре қабырғасын қалпына келтіру

3.Айван жертөлесін қалпына келтіру       

WhatsApp Image 2021 08 15 at 162532

🔶 "Магистральді көше": Тұрғын үй

1.Ошақтарды қалпына келтіру
2.Асбестцемент астаушасының орнату, қиыршық тас негізін салу
3.Қиыршық тас орнату жұмыстары/Тігістерді түйістру

Ағымдағы жылдың 11 тамызында, «Қазқайтажаңарту» РМК бас директоры Махаббат Бигельдиевтің қатысуымен, 2021 жылға арналған мемлекеттік тапсырмалардың тізбесінің негізінде жоспарланған нысандардың жобалау-сметалық құжаттарды нақтылау бойынша жиын өтті.

Жиында Ғылыми-зерттеу және жобалау филиалының бас инженері Гуляим Мамедулданова жоспарланған нысандар бойынша жобалау-сметалық құжаттардың дайындалуы туралы есеп берді. Сәйкесінше, нысандардағы ғылыми- реставрациялық жұмыстар Кәсіпорынның өндірістік кестесіне сәйкес жүргізіледі.

Қорытындылай келе, Бас директор жобалау-сметалық құжаттарды дайындау және жұмыстардың жүргізілу барысындағы кемшіліктерге кеңінен тоқталып, тиісті жауапты тұлғаларға тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныс енгізілді.

WhatsApp Image 2021 08 13 at 112642 1 

WhatsApp Image 2021 08 13 at 112642 2  

WhatsApp Image 2021 08 13 at 113927

 

 

Бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Қазқайтажаңарту» шаруашылық жүргізу құқығындағы  республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Бас директоры Бигельдиев Махаббат Садуақасұлы және ҚР Білім және ғылым министрлігі, Ғылым комитетінің  «Ә.Х. Марғұлан атындағы археология институты» директорының м.а. Мамиров Талғат Базарбайұлы өзара  ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Келісімге сәйкес, тараптар бірлескен Меморандумның негізгі бағыттарының бірі археология мен реставрация салалары бойынша ғылым мен мәдениет аясындағы тікелей және өзара тиімді ынтымақтастықты орнату, ғылыми- әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесін арттыру мақсатында жұмыстар жүргізілетін болады.

 

WhatsApp Image 2021 08 11 at 144131 

WhatsApp Image 2021 08 11 at 144131 1 

WhatsApp Image 2021 08 11 at 144131 2 

WhatsApp Image 2021 08 11 at 144131 3

Қазақстан Республикасының Парламент Сенатының депутаттары Жүсіп Нұртөре Байтелесұлы, Нукетаева Динар Жусупалиевна, Макежанов Сұлтанбек Алмасбекұлының қатысуымен, «Қазқайтажаңарту» Республикалық мемлекеттік кәсіпорынның 2021 жылы жоспарланған нысандардағы ғылыми – реставрациялық жұмыстардың барысымен танысты.

Басқосуда,  «Қазқайтажаңарту» РМК  бас директоры Бигельдиев Махаббат Садуақасұлы Кәсіпорынның негізгі бағыты және биылғы жылдың  жоспарындағы ғылыми-қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқан нысандарға кеңінен тоқталды. Сонымен қатар, аймақтарда орналасқан филиалдардың өндірістік базасындағы өнімдердің жасалу технологиясын да айтып өтті.

Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін сақтап қалу мақсатында құрылған бұл Кәсіпорын, әр нысандағы реставрациялық жұмыстар барынша аутентивті, сапалы және жоғары деңгейде жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.

Саланың барлық маңыздылығын ескере отырып, оның әрі қарай дамыту бағытындағы бірқатар ұсыныстар қаралып, Кәсіпорынның күрделенген проблемалық мәселелері көтерілді.

 

WhatsApp Image 2021 08 11 at 133636 1 

WhatsApp Image 2021 08 11 at 133636 

WhatsApp Image 2021 08 11 at 133636 2   

 

WhatsApp Image 2021 08 11 at 135015 

WhatsApp Image 2021 08 11 at 133636 3

 

 

FaLang translation system by Faboba
Мы в социальных сетях